Біз отбасыларға, балалар мен жасөспірімдерге тұрғын үй, білім, даму және өзара көмек мәдениеті арқылы жүйелі қолдау көрсетеміз.
«Асар-Үме» — отбасылар мен балалардың өміріндегі нақты өзгерістер үшін адамдарды біріктіретін қор
Қор жұмыс істеген бүкіл уақытта
Миссия
1289
отбасы «Сенім» бағдарламасы арқылы тұрғын үй алды
44
отбасы «Өркендеу» бағдарламасы аясында қаржылай грант пен қолдау алды
200+
бала КЖМБ білім беру және мәдени бастамаларына қатысты
20+
ерікті біздің ынтымақты командада
100+
серіктес пен ондаған мың адам асар мәдениеті төңірегіне бірікті
Біздің міндетіміз — тек сол сәтте көмектесу емес. Біз тұрақты болашақ үшін мүмкіндік жасаймыз, онда әр адамның лайықты өмір сүруге, дамуға және берік ортаға құқығы бар.
Қордың жобалары
«Сенім» бағдарламасы — жаңа өмір басталатын үй
«Сенім» — «Асар-Үме» қорының негізгі бағыты. Оның арқасында қиын жағдайға тап болған отбасылар өз тұрғын үйін алады.
Көбі үшін бұл ұзақ жылдардағы алғашқы қауіпсіз үй. Балалар тұрақтылықта өсетін, ата-ана ақыры сүйеніш пен сенімді ертеңгі күнді сезінетін орын.
Бағдарлама атауы «сенім» дегенді білдіреді. Оның бүкіл жұмысы адамдардың сеніміне, өзара көмекке және асар мәдениетіне негізделген.
«Сенім» отбасыны әр кезеңде толық сүйемелдейді:
алғашқы іріктеу мен құжаттарды тексеруден бастап,
қолайлы тұрғын үй іздеу, мәмілені рәсімдеу және кілтті салтанатты тапсыруға дейін.
Әр отбасы қатаң өлшемдер бойынша ішкі іріктеуден өтеді. Біз мұқтаждық деңгейін ғана емес, отбасының өмірін өзгертуге деген ұмтылысын, жауапкершілік алуға және алға жылжуға дайындығын да бағалаймыз.
Бағдарлама нені қамтиды:
Отбасыларға атаулы көмек
Қиын жағдайдағы отбасыларды қолдау: көп балалы ата-аналар, жалғызбасты аналар, өз баспанасы жоқ отбасылар және дағдарысты бастан өткерген адамдар.
Тұрғын үй сатып алу
Қазақстан бойынша пәтер мен үй сатып алуға қаражат жинау. Қор процесті жылжымайтын мүлікті іздеуден бастап толық рәсімдеуге дейін сүйемелдейді.
Отбасыны толық сүйемелдеу
Қор командасы кілт тапсырылғаннан кейін де қасында болады: отбасыға бейімделуге көмектеседі, қордың басқа бағдарламаларына қосады және өмірдің одан әрі өзгеруін қолдайды.
Ашықтық пен сенім
Бағдарламаның әр кезеңі ашық есептілікпен жүреді, ал отбасылардың тарихы адамдардың бірлігі тағдырды өзгерте алатынын көрсетеді.
«Сенім» — бұл жай ғана қабырға мен шаршы метр емес. Бұл — қауіпсіздік, абырой және өмірді қайта бастау мүмкіндігі.
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
«Өркендеу» көптеген қайырымдылық жобалары аяқталатын жерден бастап жұмыс істейді.
Біз көмек тұрғын үй сатып алумен тоқтамауы керек деп сенеміз. Нағыз өзгеріс адам өз отбасын өзі асырауға, дамуға және тұрақты болашақ құруға мүмкіндік алғанда басталады.
Бағдарлама «Асар-Үме» қорының қамқорлығындағы адамдардың әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби дамуына, жұмысқа орналасуына және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.
Мақсатымыз — отбасыларға дағдарыстан уақытша емес, біржола шығуға көмектесу.
Бағдарлама бағыттары:
Кәсіби оқыту
Біз қатысушыларға сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, сертификатталған курстардан өтуге және еңбек нарығына сенімді шығуға, табысын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдылар алуға көмектесеміз.
Бастапқы бизнес-гранттар
Қор өз ісін бастауға немесе дамытуға атаулы грант береді. Бөлінген қаражатқа қатысушылар жұмысқа қажетті құрал-жабдық сатып алады: тігін машинасы мен техникадан бастап, сұлулық саласы, кондитерлік іс және шағын бизнестің басқа бағыттарына арналған керек-жарақтарға дейін.
Жұмысқа орналастыру және тәлімгерлік
Біз тұрақты жұмыс табуға жәрдемдесеміз, қатысушыларды жұмыс берушілер мен кәсіпкерлермен таныстырамыз, сондай-ақ тәлімгерлік пен кәсіби өсу мүмкіндіктерін жасаймыз.
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
КЖМБ — «Асар-Үме» қорының жасөспірімдерді дамыту бағдарламасы, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған.
Шын мәнінде КЖМБ тек оқыту емес. Бұл — тұтас тұлғаны тәрбиелеу.
Біз жасөспірімдерге білімде ғана емес, мінезде, тәртіпте, жауапкершілікте, қарым-қатынаста және өмірге бейімделуде де мықты болуға көмектесеміз.
Бағдарламаның негізінде Абайдың «толық адам» идеясы жатыр: адам үйлесімді, жан-жақты және кез келген өмірлік жағдайға төзімді болуы керек.
Сондықтан КЖМБ-да балалар:
көшбасшылық қасиеттерін дамытады;
тәртіп пен еңбекке үйренеді;
практика мен нақты өмірлік тапсырмалардан өтеді;
спортпен және кітап оқумен айналысады;
лагерьлерге, слеттерге және командалық ойындарға қатысады;
өзі, отбасы және болашағы үшін жауапкершілік алуды үйренеді.
3 жылда бағдарламадан Қазақстанның түрлі өңірінен 250-ден астам бала өтті. КЖМБ қатысушылары грантқа түседі, мектепте көшбасшы болады, өз жобаларын бастайды, мамандық алады және отбасының өмірін өзгерте бастайды.
Мақсатымыз — қоғамға сүйеніш бола алатын жас буынды тәрбиелеу.
Жүз бала. Мыңға тең.
Жеке тұлғалардан көмек
Бір реттік қайыр, ай сайынғы
жазылым, еріктілік
Бизнестен
көме
Серіктестік, корпоративтік еріктілік, КӘЖ (КСО), қызметкерлер мэтчингі
Истории семей
10 баланың анасы ескі уақытшаны 50 оқушыға арналған мектепке қалай айналдырды
8 баланың анасы өз ісін ашып, мал басын 50 қойға жеткізді
Үй жартылай фабрикаттарынан айына 500 000 теңге тұрақты табысқа
Үй кәсібінен өз брендіне және көп балалы аналарға жұмыс орнына дейін
Отбасының өзгерісі: тазалықшыдан табысты кәсіпкерге
Уақыт өте келе қор тұрғын үй, білім, отбасыларды дамыту, балалар бастамалары және әлеуметтік қолдау салаларында жобаларды жүзеге асыратын жүйелі ұйымға айналды.
Бүгінде «Асар-Үме» — тек қайырымдылық көмегі емес. Бұл — бірге нақты өзгеріс жасайтын адамдардың, бизнестің, еріктілер мен серіктестердің қауымдастығы.
Қор туралы
«Асар-Үме» асар дәстүрінің жалғасы ретінде құрылды. Асар — адамдар бір-біріне және ортақ болашаққа қолдау көрсету үшін бірігетін өзара көмек мәдениеті.
Жаңалықтар
Сұрақ-жауап
Барлық сұрақ-жауап
Жоба
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
10 баланың анасы ескі уақытшаны 50 оқушыға арналған мектепке қалай айналдырды
Гүлдана — он баланың анасы әрі жаны ұстаздыққа жақын жан. «Asar-Ume» қорымен танысқанға дейін отбасы небәрі 50 шаршы метр уақытшада тұрған. Тығыздық пен тұрмыстық қиындыққа қарамай, ол балаларды оқыту мен тәрбиелеуден бір сәт бас тартпаған.
Қордың және жанашыр қазақстандықтардың қолдауымен отбасы кең әрі жеке үйге қол жеткізді. Гүлдана осымен тоқтаған жоқ. Бос қалған 50 шаршы метрлік ескі уақытшаны «Өркендеу» бағдарламасы аясында оқу сыныбына айналдырды: парта мен орындық қойып, білім алуға жайлы орта жасады.
Алғашында бәрі шағын ғана іс болатын. Гүлдананың кәсібилігін көрген көршілер балаларын оқуға бере бастады, ал ең жақсы жарнама «ауыздан-ауызға» тарады. Гүлдана бар болғаны 10 баладан бастаған, бүгінде мектебінде 50-ге жуық оқушы білім алады.
Жоба
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
8 баланың анасы өз ісін ашып, мал басын 50 қойға жеткізді
2023 жылы Сандуғаштың үлкен отбасы алаңдаушылық пен белгісіздік ішінде болды. Сегіз баланың анасы бөбекжайда тәрбиеші болып істеп, күнделікті қаражат тапшылығын көрген. Отбасы төмен жалақыға күн көріп, жалдамалы үйлерді жиі ауыстырып отырған.
«Asar-Ume» қорының және жанашыр жандардың қолдауымен отбасы өмірінде түбегейлі бетбұрыс болды. Сандуғаш 15 сотық жер телімі бар алты бөлмелі үйге ие болды.
Тұрақтылыққа қол жеткізген соң, ол осымен тоқтамады. «Өркендеу» бағдарламасы туралы біліп, өз бизнес-жоспарын жазып қорғады да, сенімді әрі дәстүрлі бағыт — мал шаруашылығын таңдады. 15 сотық жер шаруашылықты жаңа үйдің ауласында дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Шағын бастан бастап, бүгінде Сандуғаш 50 қой ұстап, өзі өсіріп отыр.
Жоба
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
Үй жартылай фабрикаттарынан айына 500 000 теңге тұрақты табысқа
Басты жетістік: үй өндірісін кеңейтіп, ассортиментін молайтып, айына орта есеппен 500 000 теңге тұрақты табысқа шықты.
«Asar-Ume» қорының арқасында жеке үйге қол жеткізгенге дейін Асемай отбасын асыраудың жолын іздеп, өз ісін ашуды армандаған. Аспаздық талантын пайдаланып, ол сұранысқа ие салада — үй жартылай фабрикаттарын дайындаудан алғашқы қадамын жасаған.
Қордан үй алу бәрін өзгертті. Отбасы тұрақтылыққа кенелді, ал Асемайдың толыққанды әрі кең асханасы болды. Бұл оның жеке өндіріс цехына айналды. «Өркендеу» бағдарламасына қосылып, ол сүйікті ісіне нағыз кәсіпкерлік жоба ретінде қарай бастады. Азық-түлікті сақтауға орын, көлемді дайындама жасауға мүмкіндік және ең бастысы — ертеңгі күнге деген сенім пайда болды.
Жоба
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
Үй кәсібінен өз брендіне және көп балалы аналарға жұмыс орнына дейін
Басты жетістік: жеті баланың анасы жұмыс орындарын ашып, екі қызметкер жалдады және өз брендімен толыққанды цех ашуға сенімді келе жатыр.
«Asar-Ume» қорының арқасында жеке үйге ие болу Умиданың отбасына тұрақтылық пен қауіпсіздік сыйлады. Кең үй оған тігін үшін жұмыс аймағын ұйымдастыруға мүмкіндік берді, ал «Өркендеу» бағдарламасына қатысу қарапайым үй кәсібінің шеңберінен шығуға көмектесті. Умида ісіне кеңінен қарады: бір отбасының табыс көзі ретінде ғана емес, басқа әйелдердің өмірін өзгерте алатын әлеуметтік жоба ретінде. Умиданың басшылығымен қазір екі әйел табыс тауып жұмыс істейді. Ісінің қазіргі айналымы айына 250 000 – 300 000 теңгені құрайды.
Умида өз брендімен толыққанды өндіріс цехын ашуға сенімді барады. Мақсаты — көп балалы ана мәртебесі жұмысқа кедергі емес екенін дәлелдеу және мүмкіндігінше көп анаға тұрақты жұмыс орнын беру.
Жоба
«Өркендеу» бағдарламасы: жәрдемге тәуелділіктен қаржылық дербестікке
Отбасының өзгерісі: тазалықшыдан табысты кәсіпкерге
Қормен танысқанға дейін Асемнің отбасы ауыр жағдайда өмір сүрген. Ана балаларын жалғыз тәрбиелеп, туа біткен иық кемістігі мен мүгедектігіне қарамай, отбасын асырау үшін бір мезгілде екі жерде тазалықшы болып істеген. Олар шағын әрі тар баспанада тұрған, әр күн лайықты өмір үшін күреске айналған.
Жанашыр жандардың қолдауымен отбасыға Өскемен қаласының орталығынан кең үй сыйланды. Төрт бөлмелі жаңа үй олар үшін жай ғана баспана емес, қауіпсіздік пен тұрақтылық сыйлаған жаңа өмірдің бастауы болды.
«Өркендеу» бағдарламасы аясында отбасыға кәсіби тазалық жабдығы да берілді. Бұл анаға өз ісін ашып, табыстың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Бүгінде оның табысы айына 500 000 теңгеден асады, ал сүйікті ісі қаржылық тәуелсіздік көзіне айналды.
Уақыт өте ол тұлғалық өсу бойынша оқыту мен кеңес беруді бастап, өзгелерге өзіне сенуге көмектесе бастады. Орындалған тағы бір үлкен арманы — умраға бару болды.
Бүгінде отбасы жайлы жағдайда өмір сүреді, тұрақты табысы бар және болашаққа жоспар құрады. Бұл ананың тарихы — қолдау, еңбекқорлық пен жақсылыққа деген сенім адам өмірін толықтай өзгерте алатынының үлгісі.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Ұялшақ қыздан тәлімгер әрі топ-менеджерге дейін
Тарихы: Алина КЖМБ лагеріне алғаш келгенде өте ұялшақ, тұйық әрі өзіне сенімсіз еді. Жыл бойы ол қолдау бағдарламасына белсенді қатысты. Алғашқы кәсіби дағдыларын «Shoq Doner» (қордың серіктес компаниясы) желісінде меңгеріп, әкімші (администратор) лауазымына дейін көтерілді. Бүгінде Алина отандық «OZGE» брендінде аға менеджер болып жұмыс істейді, негізгі бизнес-процестер мен команданы басқарады. 2024 жылдан бастап ол жобаға тәлімгер ретінде оралды.
Нәтиже: көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сәтті мансаптық бастама және жобаға тәлімгер ретінде оралу.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Қытай тілін үйреніп, отбасына Қытайды көрсетті
Тарихы: Сұлу — Астанадан келген өте белсенді, пысық әрі мақсатты қыз. Лагерьдің алғашқы күндерінен-ақ жарқын жігері мен көшбасшы мінезімен ерекшеленді. Лагерь қатысушысы кезінде-ақ ешқандай репетиторсыз, өз бетінше күрделі қытай тілін үйрене бастады.
Жарқын нәтижелері мен табандылығы үшін қордың серіктесі, кәсіпкер Улугбек Шарипов Сұлуды Шанхайға сапармен марапаттады. Ең бастысы, үйге оралған соң Сұлу осы үлкен әлемді отбасына көрсетуді армандады. Анасы мен әпкесі үшеуі шамамен үш ай бойы жұмыс істеп, қаражат жинап, Қорғас арқылы автобуспен Қытайға сапарды өздері ұйымдастырды.
Бүгінде Сұлу қытай тілін HSK 3 деңгейіне дейін меңгерді. Ол тәртіп пен жақындарының қолдауы арқасында мүмкін еместің жоқ екенін дәлелдеді.
Нәтиже: тәуелсіздікті, қаржылық жауапкершілікті дамыту және халықаралық тәжірибе жинақтау.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Үй мен лагерь ашылуға, дос табуға және мақсат қоюға көмектесті
Тарихы: жеке үйге қол жеткізу Мұхаммедтің отбасы үшін маңызды бетбұрыс болды. Меншікті шаңырақ балаға тыныштық пен ертеңгі күнге сенім сыйлады. Тұрмыстық уайымнан арылған соң, Мұхаммед бар күшін өсу мен дамуға бағыттады.
Бағдарлама мен лагерьдегі ауысым оны жаңа қырынан ашты: ол әлдеқайда ашылып, адаммен тіл табысуды және командада жұмыс істеуді үйренді. Алдына нақты мақсат қойып, жаңа достар тапты, өз ортасын бағалауды үйренді.
«Asar-Ume» қорының қолдауымен Мұхаммед бір маңызды шындықты түсінді: шағын көмектің өзі біреудің өмірін түбегейлі өзгерте алады. Бұл тәжірибе оны мейірімді әрі жауапты етіп, өзгелерге көмектесуге деген шынайы ықыласын оятты.
Нәтиже: ашылу, командада жұмыс істеу дағдысы және өзгелерге көмектесуге ұмтылыс.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Шығармашылық талант Sham School грантына және кинодағы рөлге жеткізді
Тарихы: Алуа тоғыз бала тәрбиеленіп жатқан үлкен отбасында өскен. Бала кезінен шығармашыл болғанымен, талантының толық ашылуына және өзіне деген сенімге дәл КЖМБ лагері түрткі болды. Ауысымнан кейін ол ашылып, жылдық тапсырмаларды ұқыпты орындап, әртүрлі адаммен оңай тіл табысатын болды.
Белсенділігі мен нәтижесі оған үлкен серпін берді: Алуа режиссёр Қуаныш Бейсеков негізін қалаған, дарынды жастарға арналған беделді Sham School мектебіне грант ұтып алды. Одан кейін олимпиадалардағы жеңістер, «Күнес» толықметражды фильмінің түсірілімі және он екі шығармашылық практикум болды.
Нәтиже: шығармашылық әлеуетін ашу және білім грантын иелену.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Джиу-джитсу мен футбол, оқуға грант және тәлімгер болып оралу
Тарихы: Әкежан — темірдей мінезі мен қажырлы жігері бар жігіт. Лагерьде белсенділігімен, көшбасшылық қасиеттерімен және спорттық қабілетімен ерекшеленді. Джиу-джитсу мен футболмен байыпты айналысады, әйгілі «Динамо» құрамында ойнап, бірнеше рет жүлделі орын алды.
2023 жылы Әкежанның отбасы қордан үй алды. Оның нақты мақсаты — грантқа түсу еді. Қордың серіктесі, «Жаңа Ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжановтың көмегімен ол грантқа ие болып, бірінші курсты үздік бітірді. Бүгінде Әкежан жобадағы жетекші жігіттердің бірі. Ол інілеріне үлгі болу үшін жобаға тәлімгер ретінде оралды.
Нәтиже: білім гранты, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жобаға тәлімгер ретінде оралу.
Жоба
Кең жүрек мың бала — «Жүз бала мыңға тең»
Сенімді үй аутизмі бар бауырына еркіндік, Ибраһимге өсу берді
Тарихы: жеке үйге қол жеткізу Ибраһимнің отбасы үшін басты бетбұрыс болып, күнделікті өмірін түбегейлі өзгертті. Кең үйде әркімнің өз орны пайда болды, тұрмыс жеңілдеді. Әсіресе аутизмі бар кіші бауырына жабық аула нағыз олжа болды: енді бала таза ауада еркін ойнап, батутта секіріп, әткеншекте тербеле алады.
Сенімді тыл пайда болған соң, Ибраһим өзін дамытуға ден қойды. Лагерьдегі ауысымнан кейін ол өте жауапты қатысушы болып, жылдық тапсырмалардың бәрін сапалы орындады. Алдына үлкен мақсат қойып, күрделі қытай тілін өз бетінше терең үйренді.
Табандылығы мен жетістіктері байқаусыз қалмады. Белсенділігі үшін қордың серіктесі, кәсіпкер Улугбек Шарипов оны Шанхайға сапармен марапаттады. Жасы кіші болса да, Ибраһим еңбектен қашпайды: отбасына көмектесу үшін қазір жұмыс істеп жүр.
Нәтиже: тәртіпті қалыптастыру, оқуға деген жоғары ынта және халықаралық танымдық сапар.
Жоба
«Сенім» бағдарламасы — жаңа өмір басталатын үй
Уақытшадан өз үйіне: Жадыра мен оның алты баласының тарихы
Көмекке дейін
Исқақова Жадыра Оразханқызы — Астана қаласындағы алты баланы ажырасқаннан кейін жалғыз тәрбиелеп жүрген көп балалы ана. Кенже қызында Даун синдромына байланысты мүгедектік бар. Отбасы қарапайым тұрмыстық жағдайы жоқ уақытшада тұрған. Балаларын асырау үшін Жадыра тазалықшы болып, кіреберістерді жуған, кейін кондуктор болып орналасқан. Қиындыққа қарамай, ол қол қусырып отырмай, балаларына қамқор болуын жалғастырған.
Көмектен кейін
«Asar-Ume» қорының қолдауымен Жадыраның отбасы жайлы өмірге қажетті бар жағдайы бар жеке үй сыйға алды. Бұл игі істі жүзеге асыруға Zhanpresso кофеханалар желісінің иесі Жанбол мен блогер Медет атсалысты. Жаңа үй отбасына қауіпсіздік, жылылық және ертеңгі күнге сенім сыйлады. Бүгінде Жадыра мен балалары лайықты жағдайда өмір сүреді, ал балалардың жайлы үй ортасында өсіп-жетілуіне мүмкіндік туды.
Проект
«Сенім» бағдарламасы — жаңа өмір басталатын үй
Бәріне ортақ бір шаңырақ: Снежана отбасының тарихы
Көмекке дейін
Снежана — көп балалы отбасының үлкен қызы. Анасының қайғылы қазасынан кейін отбасы аса ауыр жағдайға тап болды. Балалар өмір сүруге қажетті жағдайы жоқ уақытшада тұрды, ал кіші балалардың болашақ тағдыры ерекше алаңдатты. Қалыптасқан жағдайға байланысты бауырларды балалар үйіне бөліп жіберу қаупі нақты болды. Барлық қиындыққа қарамай, Снежана отбасын сақтап, кішілерге қамқор болуға тырысты.
Көмектен кейін
Жанашыр жергілікті кәсіпкердің қажетті соманың бір бөлігін қосуы, сондай-ақ ортақ қаражат жинау арқасында Талдықорған қаласының орталығынан көппәтерлі үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік туды. Жаңа баспана ең бастысын — отбасының тұтастығын сақтап қалды. Бүгінде барлық аға-іні мен апалы-сіңлілі бір үйде, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда тұрып, бір-біріне тірек болып, болашаққа жоспар құрып жатыр.
Жоба
«Сенім» бағдарламасы — жаңа өмір басталатын үй
Марина отбасына үй: бірлескен күшпен не істеуге болады
Көмекке дейін
Марина бірнеше баланы жалғыз тәрбиелейді. Отбасы Қарағанды облысының Ақадыр кентінде, өте ауыр тұрмыстық жағдайдағы уақытшада тұрған. Балаларының бірінде церебралды сал ауруы бар және ерекше күтімді қажет етеді. Маринаның бір аяғы жоқ, соған қарамай ол жұмыс істеп, балаларына қамқор болуын жалғастырған. Ол теміржол вокзалындағы буфетте істеп, түнгі ауысымдарға шығып, отбасын асырау үшін бар күшін салған.
Қалай көмектесті
Отбасының тарихына алдымен «Отзыв» қорының өкілдері назар аударды. Олар қаражат жинауды бастап, шамамен 800 000 теңге жинай алды.
Кейін отбасыға «Asar-Ume» қоры қосылды. Демеушілеріміз бен жанашыр жандардың қолдауымен қажетті соманың негізгі бөлігін жинап, отбасының баспана мәселесін шештік.
Көмектен кейін
Бүгінде Марина мен балалары жеке үйде тұрады. Отбасының өмірге жайлы әрі қауіпсіз жағдайы, ал балалардың оқуға, демалуға және дамуға өз кеңістігі пайда болды.
Марина үшін бұл үй жай ғана бас сауғалайтын орын емес. Бұл — ауыр тұрмысты артта қалдырып, балаларына тыныш әрі лайықты болашақ сыйлау мүмкіндігі.
Марина тарихы — бірлескен күшпен бүкіл бір отбасының өмірін өзгертуге болатынының үлгісі.
Кеңсе
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 62а
Жұмыс режимі
Дүйсенбі — Жұма
09:00 - 17:00
Телефон
Біз отбасыларға, балалар мен жасөспірімдерге тұрғын үй, білім, даму және өзара көмек мәдениеті арқылы жүйелі қолдау көрсетеміз.
«Асар-Үме» қайырымдылық қоры ©2026