Гүлдана — он баланың анасы әрі жаны ұстаздыққа жақын жан. «Asar-Ume» қорымен танысқанға дейін отбасы небәрі 50 шаршы метр уақытшада тұрған. Тығыздық пен тұрмыстық қиындыққа қарамай, ол балаларды оқыту мен тәрбиелеуден бір сәт бас тартпаған.
Қордың және жанашыр қазақстандықтардың қолдауымен отбасы кең әрі жеке үйге қол жеткізді. Гүлдана осымен тоқтаған жоқ. Бос қалған 50 шаршы метрлік ескі уақытшаны «Өркендеу» бағдарламасы аясында оқу сыныбына айналдырды: парта мен орындық қойып, білім алуға жайлы орта жасады.
Алғашында бәрі шағын ғана іс болатын. Гүлдананың кәсібилігін көрген көршілер балаларын оқуға бере бастады, ал ең жақсы жарнама «ауыздан-ауызға» тарады. Гүлдана бар болғаны 10 баладан бастаған, бүгінде мектебінде 50-ге жуық оқушы білім алады.